384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік аниматорлардың «Қазақ елі» туындысы Каирде топ жарды

  • 1129
  • UPD: 12:32, 23.02.2017

Шымкенттік аниматорлар жасаған «Қазақ елі» туындысы Каирде өткен Х халықаралық анимациялық фильмдер форумында бас жүлдені жеңіп алды.

Отандық өнім музыкалық сүйемелдеуі мен режиссуралық үйлесімі жағынан да қос аталым иегері атанды. Анимациялық фильмде қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібектің балалық шағы мен ел басқарған кездеріне дейінгі аралық қамтылған. «Сақ Жебе» киностудиясының аниматорлары мультфильмге соңғы үлгідегі 2D және 3D технологияларын қолданған. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жасалған туынды өткен жылдың мамыр айынан бастап көрсетілімге шықты. Ал, Мысырдағы 50-ден астам елдің анимациялық жұмыстары қатысқан байқауда туынды қазақ тілінде көрсетіліпті. Соған қарамай әлемнің назарын өзіне аударған.

Батырхан Дәуренбеков, «Қазақ елі» анимациялық фильмінің режиссері:

- Канн фестивалінің көркемдік кеңесшісі Бриджо Сантос деген режиссер болды, сол кісі айтады: «бұны барлық елдерде көрсету керек, өйткені мынау патриоттық тақырып, барлық елдерге, барлық елдердің балаларына тән нәрсе. Осы жағынан алған кезде бұл өте ұтымды. Біріншіден, сіздердің тарихтарыңызды біліп жатырмыз, екіншіден, біздің балаларға деген берер тәрбиесі мол» деп түсініп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы