386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қария» телехикаясының түсірілімі басталды

  • 893
  • UPD: 21:15, 21.04.2017

«Қариясы бар елдің – қазынасы бар».

Сол қазынаны қадірлеп, лайықты құрмет көрсетіп жүрміз бе? «Хабар» Агенттігінің» тапсырысы бойынша Алматыда «Қария» атты телехикаяның түсірілімі басталды.

Бұл телехикаяда әке мен бала арасындағы қарым-қатынас арқылы бүгінгі қоғамдағы келеңсіз жайт бейнеленеді. Фильмнің кейіпкері Ербол егде тартқан әкесінен бас тартады. Телехикаяның бірнеше көрінісінің қарттар үйінде түсірілуі де сондықтан.

Досжан Жанботаев, Қазақстанның халық әртісі:

- Бірін-бірі сыйламау. Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың, адами, адамгершілік қарым-қатынастардың жоғала бастағанына жауап беретін сияқты болып көрінеді.

Телехикаяда Бауыржан Қаптағай, Ерболат Тоғызақов, Гүлнәр Байбосынова және Алмас Шаяхметов сынды актерлер ойнайды. Кейбір эпизодтық рөлдер мен көпшілік көріністерге қарттар үйінің тұрғындары тартылған.

Мұқаш Жадықов, «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» тұрғыны:   

- Мен жасымнан армандап едім бұл киноны. Енді өмірдің тағдырымен неше түрлі жағдай болады. Сондықтан оған түсе алмадым. Бұл сериалда бір ақсақалдың, аяғы жоқ мүгедек адамды ойнаймын.

Фильмнің идея авторы және режиссері Асқат Мұсабай. Бұл жас режиссердің дебюттік жұмысы.  

Асқат Мұсабай, «Қария» телехикаясының режиссері:

- Өте ауыр сериал болайын деп тұр тақырып жағынан. Ой салатын. Біздің мақсатымыз осы сериалды көргеннен кейін бір болсын отбасы өзінің әке-шешесін қарттар үйіне апару ойынан бас тартса, соның өзі бізге үлкен жетістік болар еді.

Түсіру жұмыстары екі айға жалғасады. Жоба авторларының айтуынша, туынды 12 сериядан тұрады. «Қария» телехикаясы күзде «Хабар» арнасынан көрсетіледі.  

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы