376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген Hunan TV арнасында жаңа әнінің тұсауын кеседі

  • 1133
  • UPD: 22:17, 22.04.2017

Бүгін «Әншімін» жобасының гала-концерті. Димаш Құдайберген Hunan TV арнасында Мұнайдар Баймолданың сөзіне жазылған «Махаббат бер маған» атты əннің тұсауын кеседі.

Кеште байқауға қатысқан өзге де өнерпаздар ән шырқайды. Ал «Әншімін» байқауында 1-орын алған Сэнди Лэм біздің тілшімізге эксклюзивті сұхбат берді. Ол Димашты жас та болса, дарынды дауыс иесі деп бағалап отыр. Оның жарқын жеңістері әлі алда, - дейді Сэнди Лэм.

Сэнди Лэм, «Әншімін» байқауының жеңімпазы:

- Әрине мен Димаштың өнеріне тәнтімін, оның мүмкіндігі шексіз. Ол жас болса да әлемнің мықты саxналарын бағындырып үлгерді. Сондықтан оның музыка саласындағы жетістіктері алда деп ойлаймын. Жарқын жеңістері әлі алда. Менің ойымша «Әншімін» бағдарламасына қатысқан өнерпаздың барлығы бірінші орынға лайық болды. Бұндай әншілермен саxнада тұрып ән шырқау мен үшін үлкен бақыт.

Хабар 24 телеарнасы