383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бабалар ізімен» экспедициясы Еуразияны аралайды

  • 768
  • UPD: 15:31, 26.04.2017

«Бабалар ізімен» атты ғылыми экспедиция келер апта жолға шығады.

Саяхатшы Сапар Ысқақовтың бастамасымен ұйымдастырылған топ екі жарым айдың ішінде 22 елді аралайды. Экспедиция Қазақстаннан басталып, Ресей, ТМД елдері мен Еуропада жалғасады. Сапардың мақсаты бабаларымыздың ежелден қазіргі заманға дейінгі көшіп-қону бағытын анықтау. Сонымен қатар, ғалымдар тарихи материалдарды зерттеп, ат басын бұрған жерлерде ДНҚ сараптамасын алады. Ал, экспедиция қорытындысы бойынша деректі фильмдердің циклі жарыққа шығады.

Айта кетейік, «Бабалар ізімен» экспедициясына «Хабар 24» арнасының тілшілері де қатысады. Олар бұл сапар жайында апта сайын репортаж әзірлеп, көрермендерге ұсынып отырмақ.

Сапар Ысқақов, саяхатшы:

- Ашылмай жатқан тарих көп. Біз де өзіміздің үлесімізді қоссақ. Әрине, біз бір экспедициямен оның бәрін біле алмаймыз. Бірақ, біз мына жолды ашсақ жастарға, олар кішкене қызығып, өзінің тарихына, мәдениетіне ынта пайда болса, онда біздің барғанымыз зая емес. Бізден сондай үлес қосылды деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы