389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда әлеуметтік фильмдердің тұсаукесері өтті

  • 536
  • UPD: 17:16, 03.02.2018
Қарағандыда әлеуметтік фильмдердің тұсаукесері өтті

Қарағандыда көрермен қауымға үш әлеуметтік қысқаметражды фильм таныстырылды.

Бұл фильмдердегі оқиғалар басты рөлдерді сомдаған мүмкіндігі шектеулі жандардың шынайы өмірлерінен алынған эпизодтардан тұрады. Туындылардың үшеуі де «Бәрі мүмкін» деп аталады. Алғашқы екі фильмде балалар мидың сал ауруына шалдыққан Максимнің өмірде жеткен жетістіктері және шеберлігі, Еуропа чемпионатында үздік шыққан мүгедек спортшы Ғалымның өмірбаяны бейнеленген. Ал үшінші фильмнің басты рөлін сомдаған Кенжебек көзінің кемістігіне қарамастан музыкаға құлшынып, болашақта танымал болуды армандайды. «Жанарсыз да арманыма жетемін» деген ол қазір Қарағанды қаласындағы зағип балаларға арналған мектеп-интернатта білім алып жатыр. Жаңа туындылар Астана және Қарағанды қалаларында түсірілген.

Кенжебек Нұрдолдай, актер: 

- Фильм біздің ортада осындай адамдардың бар екендігін көрсетуге арналған. Бұл фильмде менің көзім көрмейді, бірақ сонда да музыкамен айналысамын, ал көптеген дені сау адамдар мұны мүмкін демейді, өмірде ештеңе жасамайды, бұл фильм оларға ынтыландыру беруге арналған.

Хабар 24 телеарнасы