384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Әміре» фильмінің тұсаукесері өтті

  • 1034
  • UPD: 23:32, 02.04.2018

Көп күттірген «Әміре» кинофильмінің тұсаукесері өтті. Жаңа туынды тағдырдың сан соқпағын көрген атақты әнші Әміре Қашаубаевқа арналған.

Фильм желісі бойынша Әміре 1925 жылы Париж қаласында өткен Бүкіләлемдік музыка байқауына қатысып, еуропалықтардың жүрегін жаулап алады. Қазақтың киелі домбырасының әуенін жаһанға алғаш таныстырып, жұртшылық назарына паш еткен де осы Әміре Қашаубаев болатын. Түсірілім Латвия мен Лос-Анджелесте және Алматы облысының Үшкоңыр ауылында өткен. Басты рольдерді Санжар Мәдиев пен Бен Олдридж және Эбби Корниш сынды актерлер сомдады. «Әміре» кинофильмі қалың көпшілік назарына 5 сәуірден бастап ұсынылады. Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.

Арыстанбек Мұхамедиұлы,  ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Біз фильмді түсірерде үлкен ғылыми жұмыс жүргіздік. Ойдан шығарылған дүние емес, әр қадамы нақты белгіленген дүниелер. Біздің бақытымызға орай Әміренің бірнеше әндері архивте сақтаулы. Әсіресе «Балқадишаны» орындауы бәріміздің құлағымызда. Көптеген керемет дерек бар. Енді болашақта сериал немесе жалғасы ретінде жеке туынды түсірген кезде кеңінен шығаруымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы