378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Біржан – Сара» операсы сахналанады

  • 706
  • UPD: 20:13, 19.04.2018
Астанада «Біржан – Сара» операсы сахналанады

Ертең Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсының жаңа музыкалық-сахналық нұсқасы көрсетіледі.

Ұлттық өнеріміздің беткеұстар туындысы «Астана Опера» театрында сомдалады. Қоюшы режиссер Асхат Маемиров пен дирижер Абзал Мұхитдинов кейіпкерлердің бейнелерін жаңаша сарында көрсетпек. Жәрмеңке көрінісімен басталатын опера бірден көрерменнің қиялына қанат бітіреді. 3D-технологияны пайдаланудың арқасында табиғат пен тұрмыс көріністері жандана түседі. Операның проекциясын жасауға итальяндық хас шебер Серджио Металли атсалысқан. Солистер айрықша киім үлгілерімен де ерекшеленеді. Спектакльге арнап 340 костюм тігілген. Сараның партиясын танымал әртістер Майра Мұхамедқызы мен Жаннат Бақтай орындайды. Ал Біржанды Мейір Байнеш пен Бейімбет Таңарықов сомдайды. Опера 2 күн қатарынан қойылады.

Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:

- Сараның партиясы маған да оңай келіп жатқан жоқ. Өйткені менің даусым нәзік, лирик-сопраномын. Бұрын айтып жүрген Қыз Жібек, Ажарлар – лирикалық. Ешқандай қиындықсыз әдемілеп айтып шығуға болады. Осы күнге дейін жинаған тәжірибелерімді осыған салып отырмын. Бір жақсы Сара болсын деп, алып шығуға тырысып жатырмын.

Мейір Байнеш, халықаралық байқаулардың лауреаты:

- Бұл партияның қызықтығы, өзіңді-өзін төзе білу, өзіңе-өзін күш беріп, рух беріп, аяғына дейін шыдап, физикалық тұрғыда қызық болды. Менен кейін өсіп келе жатқан біздің інілеріміз орындап, соларға тәлім болса, менің жазбаларымды тыңдап, сабақ алса деген үміттен жақылап орындап шығуға тырысамын.

Хабар 24 телеарнасы