388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Студенттер «АЛЖИР» мемориалды-музей кешенінің тарихымен танысты

  • 557
  • UPD: 16:30, 31.05.2018
Студенттер «АЛЖИР» мемориалды-музей кешенінің тарихымен танысты

Қазақстан халқы Ассамблеясы студенттер үшін «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніне көшпелі экскурсия ұйымдастырды.

Бұл жерде әрбір сәулет композициясы тағдыр теперішін көріп, тұтқын болған нәзікжандылардың азапты өмірінен сыр шертеді. Тіпті «Сталин вагоны», «Қасірет қақпасы монументі», «Еске алу қабырғаларын» көрген адам бұл жердің зор қайғыға куә болғанын түйсікпен сезеді. Қуғын-сүргін жылдары  Ақмоладағы лагерьге этаппен 18 мың кінәсіз жан келген болатын. Негізінен олардың дені әйгілі мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлерінің әйелдері болатын. Мемориалды-музей кешені бұрынғы лагерьдің орнында бой көтерген. Сонымен бірге аймақта бұл күндері жала жабылғандар мен репрессия құрбандарына арналып жер-жерде іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Әсем Ескендірова, экскурсия жетекшісі:

- «АЛЖИР» музейіне 10 жыл толды, екіқабатты ғимараттың бірінші қабаты ел тарихына арналған, екінші қабаты әйелдерге арналған. Мұнда 5 жылдан 8 жылға дейін болған тұтқын әйелдер негізінен отанын сатқандардың әйелдері немесе жанұя мүшесі еді. ЕХРО кезінде осында 20 мың адам келсе, соның көп бөлігі шетелдіктер болды.

Хабар 24 телеарнасы