374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдағы көрмеге Аңсаған Мұстафаның 44 туындысы әкелінген

  • 299
  • UPD: 11:43, 23.06.2018

Оралда белгілі қылқалам шебері Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесі өтіп жатыр.

Көпшілікке әлеуметтік желі арқылы танылған суретші қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды жиі нысанаға алады. Ұрпақ тәрбиесі, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, тастанды сәбилер секілді сан түрлі тақырыптағы туындылары тек қана ақ-қара түспен салынған. Техникасы қарапайым болғанымен, мағынасы тым терең. Суретші бұған дейін Қазақстанның барлық қалаларын аралап шыққан. Ал Оралдағы көрмеге 44 туындысын әкеліпті. Көп еңбектері ғаламтор арқылы шет елдерде де жақсы танылған. «Мақсатым – жастарды жаман әдеттерден жирендіру, ойланбай опық жеген немесе жазатайым жаза басқан жандарға рухани тұрғыда болса да жәрдем беру», – дейді суретші.

Аңсаган Мұстафа, суретші: 

- Жалпы бұл суреттерді салғаннан кейін оны бір жерге тығып қоюға болмайды, оны көрсету керек. Жалпы, мақсатым – жастарға ой салу, кейбір проблемалардан қорғау, кейбір жағдайлардың жаман жақтарын көрсету. Көбіне қыздарға арналған, қыздарды жақсы көремін, қателеспесін деймін.

Сара Танабаева, қала тұрғыны:  

- Қазір айтып жатырмыз ғой «Рухани жаңғыру» деп, салт-дәстүрге байланысты, бұрынғы жақсы қасиеттерімізді қайтадан жаңғырту, жастардың бойына сіңіру деген сияқты. Мінекей, сол өміріміздегі ең келеңсіз жағдайларды суреттеген суреттер. Жастар тәрбиесінде неден қашу керек, нені қайталмау керек, картиналар соны насихаттап тұр.

Осы категория бойынша: « Қарағанды облысында күйшілер фестивалі ұйымдастырылды Петропавл қаласында Мағжан Жұмабаевтың ескерткіші ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы