365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда Қазақстан туралы фильмдер көрсетіледі

  • 464
  • UPD: 14:10, 11.08.2018

Қазақстан туралы деректі фильмді Оңтүстік Кореяның басты телеарналарында көрсететін болды.

Мұндай келісімге «Хабар» Агенттігінің төрағасы Алан Әжібаевтың осы елге сапары барысында қол жетті. MBC телерадио бірлестігінің басшылығымен жүздесу барысында медиаконтент және қызметкерлердің тәжірибе алмасуы мәселесі талқыланды. Айта кетейік, Munhwa Broadcasting Corporation оңтүстік кореялық радио және телехабар таратудың қара шаңырағы болып саналады. 1961 жылы құрылған бірлестіктің бағдарламалары Оңтүстік-Шығыс Азия мен АҚШ-қа тарайды. Сапар кезінде сондай-ақ ағылшын тілді «Ариран» телерадиокомпаниясының басшылығымен де келіссөз жүргізілді. 21 жыл бұрын құрылған бірлестік әлемнің 100-ден астам елінде жаңалық пен деректі фильм, мәдени және білім бағдарламаларын таратады. Кездесу нәтижесінде бұл компания Қазақстанға арналған бағдарламалар мен деректі фильмдер жасауға ықыласты екенін жеткізді. 

Динара Әбіқаева, «Хабар» Агенттігі» АҚ Даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімі басшысы:

- «Ариран» компаниясымен кездесу барысында олар өздерінің хабар тарату кестесінде «DiscoverWorld» бөлігі бар екенін айтты. Ал біздің «Хабар» Агенттігінің Қазақстан туралы, оның тарихы мен мәдениеті жайлы баяндайтын өте жақсы контенті осы бағдарламаға сай келеді деп ойлаймыз.

Осы категория бойынша: « Ұлттық музейде Үшқоңырға арналған көрме ашылды Өзбекстанда Абайдың туған күні жоғары деңгейде атап өтілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы