365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналықтар Шәкәрімді еске алады

  • 264
  • UPD: 12:20, 17.08.2018
Астаналықтар Шәкәрімді еске алады

20 тамызда Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында ақын, жазушы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған «Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер» атты әдеби-сазды музыкалық кеш өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өтетін шараға зиялы қауым өкілдері, Астана қаласының мәслихат депутаттары, жоғары және орта оқу орындарының, білім саласының қызметкерлері қатысады деп күтілуде. Кеште Шәкәрімге арналған деректі фильмнен үзінді көрсетіліп, Шәкәрім әндері орындалмақ.
Басты қонақ – Шәкәрімнің баласы Ақаттан тараған ұрпағы Нұрбек Қабыкенұлы.

Әдеби сазды кеш сағат 16:00-де басталады.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде тарихи-өлкетану музейі салынып жатыр ШҚО-да Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш қойылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы