364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда Ирак Елекеевтің шығармашылық кеші өтті

  • 246
  • UPD: 15:24, 10.11.2018

Атырауда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген заңгері, Құрмет орденінің иегері Ирак Елекеевтің «Заңғар тұлға» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға Ирак Қасымұлының жерлестерімен қатар Олжас Сүлейменов, Амангелді Айталы, Омархан Өксікбаев секілді мемлекет және қоғам қайраткерлері де арнайы қатысты. Ирак Қасымұлы Мәжілістің бірнеше шақырылымында депутат болған, әділет, сот органдарында еңбек еткен және соңғы жылдары «Хабар» агенттігінде бірнеше жыл тележүргізуші болған. Сондай-ақ отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына үнемі мақалаларын жариялаған көрнекті публицист. Бүгінгі шығармашылық кеш кезінде «Көзқарас» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Қоғам қайраткері қазіргі таңда қоршаған ортаны қалпына келтіру мен экологиялық проблемаларға баса мән беріп жүр.

Ирак Елекеев, Мемлекет және қоғам қайраткері:

– Мен тележүргізуші ретінде заңгермін, журналистпін деп айту қиын. Қалған өмірімді экологияға, қоршаған ортаға арнағым келеді. Әлі де біз көп нәрселерді түсінбейміз. Сондай сана сезімді ояту әрбір қазақстандықтың борышы.

Амангелді Айталы, қоғам қайраткері:

– Тәуелсіздіктің арқасында қазақтың талай азаматы, тұлғасы елге көрінді. Ел депутат етіп осындай саяси сахнаға шығарды. Сол тұлғаның бірі – Ирак Елекеев. Сонымен бірге Ирак Елекеев – заңгер, саяси қайраткер, оның «Хабар» арнасындағы «Көзқарас» қызметі де онығ талай өмірдің саласынан хабары бар екенін, жоғары интеллектуалды тұлға екенін көрсетті.

Осы категория бойынша: « «ТҮРКСОЙ» ұйымының құрылғанына 25 жыл толды «Астана Опера» Генуяда өнер көрсетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы