369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда Айман Мұсақожаеваның шығармашылық кеші өтті

  • 96
  • UPD: 12:00, 16.11.2018
Ақтауда Айман Мұсақожаеваның шығармашылық кеші өтті

Каспий жағалауындағы шаһарда Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаеваның шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүние жүзіне танымал скрипкашының жеке концерті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Кеш барысында қазақ сазгерлері, сондай-ақ әлемнің ең үздік композиторлары жазған дара туындылар орындалды. Айман Мұсақожаевадан дәріс алған шәкірттері де өз өнерін көрерменге паш етті. Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектері бүгінде симфониялық оркестр құрамында жаһанды шарлап, еліміздің мәртебесін көтеріп жүр. Олар Астанаға оралған соң, гастрольдік сапарын одан әрі Еуропада жалғастырады. Айта кетейік, Айман Мұсақожаева концерт алдында Маңғыстау өнер колледжінің студенттеріне арнап шеберлік сағатын өткізді.

Айман Мұсақожаева, ҚР Халық әртісі:

– Бұл өңірге арнайы «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен келдік. Ақтөбеде, Атырауда, бүгін Ақтауда концерт беріп, Астанаға ораламыз. Концертке бізбен бірге мемлекеттік камералық оркестр, «Тарлан» этноансамблі бар. «Тарланның» ішіндегі біздің шәкірттер өздері жазған әндерін орындайды. «Тарлан» ансамблі Италияның Флоренция қаласына барып, этнофестивальге қатысып, өздерінің үлкен концертімен өз өнерін көрсетеді.

Осы категория бойынша: « Анкарада Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының көрмесі ашылды Димаштың концерті үшін Лондонға әлемнің түкпір-түкпірінен көрермендер ағылуда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы