371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда сирек кітаптар көрмесі өтті

  • 179
  • UPD: 14:01, 29.11.2018

Оралда ұйымдастырылған «Латын» атты кітап көрмесінде 1929-1940 жылдар аралығында шыққан, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының сирек қорындағы қазақ тіліндегі кітаптар ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төрт бөлімнен тұратын көрмеге қойылған оқулықтар, көркем, салалық, балалар әдебиеті мен мерзімді басылымдар жұртшылық назарын аударды. Айта кетерлігі, «Рухани жаңғыру» аясындағы бұл жылжымалы экспедициялық көрме облыстық тарихи-өлкетану музейінде бір ай бойы өткізіледі. Көрмеге латын графикасындағы 100-ден астам кітап қойылған. Олардың қатарында «Әліппе», «Химия», «Алгебра», «Биология» және басқа да қажетті мектеп оқулықтарымен қатар Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Сәкен Сейфуллин және басқа да жазушылар мен ақындардың еңбектері бар. Сондай-ақ  балаларға арналған ертегілер, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» және «Алпамыс» эпикалық поэмалары бар. Көрме аясында ұйымдастырылған халықаралық конференция барысында тілтанушы ғалымдар өз ойларын ортаға салды.

Болат Боранбай, Қорқыт ата атындағы ҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты:

- Қазақ жазуы деген нәрседе 1957 жылға дейінгі қазақ жазуында айту мен жазуда айырмашылық болған емес. Яғни тіліміздің әуезділігі сақталып келді де, кирилл негізді әліпбиге көшкеннен бері қазіргі таңда халықаралық сөздер деп атап жүрген сөздерді орыс тілінде қалай жазса, солай жазатын болдық. Яғни бұған дейінгі таза қазақ әліпбиі болды деп айта алмаймыз. Осы сәтті пайдаланып қазақ тілінің әуезділігін заңдарына икемдеп, емле-ережесін жасауымыз керек.

Осы категория бойынша: « «Қорқыт Ата» эпосы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енді «АЛЖИР» мұражайы құнды жәдігерлерімен жұмысын қайта бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы