369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қылмыс пен жаза философиясы» кітабы қазақ тілінде жарық көрді

  • 102
  • UPD: 17:52, 30.11.2018

Бүгін Сенатта заң ғылымдарының докторы, профессор Ильгам Рагимовтың «Қылмыс пен жаза философиясы» атты кітабы талқыланды.

Жиынға Жоғарғы палатаның төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, еңбек авторы және Қазақстан, Ресей, Әзірбайжанның заңгер, ғалымдары қатысты. Айта кетейік, қылмыстық құқық негіздеріне арналған монография былтыр жарық көріп, әлемнің бірқатар тіліне аударылған. Ал қазақ тіліне тәржімалаған – заң ғылымдарының докторы Есберген Алауханов. Сенат спикері өз сөзінде Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында еліміздегі қылмыстық-процестік және азаматтық-процестік заңнаманың біраз жаңартылғанын атап өтті. Ал Ильгам Рагимов өз кезегінде Қазақстанның Қара теңіз-Каспий өңірі елдері заңгерлер қауымдастығының атқарып жатқан маңызды жұмыстарын сөз етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бұл – негізінде халықаралық заң мамандарының үшжақты кездесуі. Осы жиын тәуелсіз Қазақстан үшін айрықша күн, елдігімізді ұлықтайтын елеулі мереке ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ұйымдастырылды. Қазақстан Президентінің айрықша күш-жігерінің нәтижесінде Еуразиялық мемлекеттер арасындағы көпжақты қарым-қатынас ұдайы даму үстінде. Қазақстан, Ресей және Әзербайжанның белгілі заңгер ғалымдарының қатысуымен өтіп жатқан бүгінгі кездесу соның айқын дәлелі.

Ильгам Рагимов, заң ғылымдарының докторы, профессор:

- Сөз басында мен сіздерді келе жатқан Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаймын. Қазақстанның заңгерлері біздің қауымдастықтың жұмысына белсенді түрде араласады. Осыны ерекше атап өткім келеді. Сондықтан біздің жиындарымыздың бірін Алматыда өткізу жоспарда бар. Ал менің кітабым әлемнің бірнеше тіліне аударылғанымен, осындай жоғары деңгейде алғаш рет талқыланып отыр. Сондықтан баршаңызға алғысымды білдіремін.

Осы категория бойынша: « Астанада «Алтын домбыра» айтысы өтеді «Хабар» Агенттігі мен TRT бірігіп деректі фильмдер түсірмек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы