389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Қытайда «Титаниктің» әнін орындады

  • 967
  • UPD: 09:46, 12.12.2018
Димаш Қытайда «Титаниктің» әнін орындады

Димаш Қытайдың Хайнань аралында өтіп жатқан кинофестивальде атақты Селин Дионның орындауындағы «My Heart Will Go On» әнін сахнаға алып шықты.

«Джеки Чан бастаған бірінші халықаралық кинофестивальдін қызыл кілемінде. Хайнань», - деп жазады әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында. Сондай-ақ ол «Сахна - менің жаным демалатын орын», - деді. Еске салсақ, Димаш Құдайберген Қытайдың Санья қаласында «Әлем аруы-2018» байқауының финалында қазақ тіліндегі «Ұмытылмас күн» атты әнін шырқады. Біз бұдан бұрын Димаш Құдайбергеннің биылғы «Әлем аруы» байқауында өнер көрсететінін жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы