377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні шырқалды

  • 339
  • UPD: 21:04, 20.12.2018

Түркияда «Кастамону - Түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасының салтанатты жабылуына арналған гала-концерт өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Оған ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттерден келген 250-ге жуық өнерпаз қатысты. Еліміздің атынан шыққан өнер жұлдыздары, қазақтың халық әндері мен дәстүрлі билерін орындап, өнер сүйер қауымның ықыласына бөленді. Ұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты әнін шырқаған Айридің қойылымы көпшілікті таңдай қақтырды.

Ayree, әнші:

ТҮРКСОЙ-дың құрылғанына 25 жылдығына орай ұйымдастырылған кеш  жоғары деңгейде өтті. Осы орайда, бізге бұл мүмкіндікті берген Мәдениет министрлігіне алғысымды білдіремін. Халықаралық сахнада Қазақстан атынан өнер көрсету мен үшін үлкен мақтаныш. Мұндағы 15 мемлекеттен келген барлық әріптестерімен өнер жолымызбен қатар түсінігіміздің де бір екендігіне тағы бір рет көзім жетті.

Мерве Бусе, көрермен:

- Кастамонуда осындай кешке куә болу үлкен қуаныш. Туыстас халықтардың мәдениеті бір-бірінен әсерлі. Әсіресе, Қазақстаннан келген топтың өнері ерекше. Қала тұрғыны ретінде мұндай кешті ұйымдастырғанымызға өте ризамын.

Авторлары: Меруерт Қанағат, Седат Денли

Хабар 24 телеарнасы