377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Саймон Гейган: Ұлы дала елінің өркениеттің дамуы үшін қосқан үлесі зор

  • 396
  • UPD: 23:43, 21.12.2018

Әлемдік деңгейде аты шыққан аударма ісінің майталманы Саймон Гейган Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның пайымдауынша, мақала Қазақстанға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Саймон Гейган Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы бір адамдай-ақ біледі. Өйткені ол – қазақ прозасының жауһарлары Мұхтар Әуезовтің «Қаралы сұлу және басқа да әңгімелерін», Оралхан Бөкеевтің «Кісі киік» және Герольд Бельгердің «Таңдамалы шығармаларын» ағылшын тіліне тәржімалаған аудармашылардың бірі.

Саймон Гейган, аудармашы:

- Ұлы дала елінің өркениеттің дамуы үшін қосқан үлесі зор. Әсіресе атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығына тоқталғым келеді. Жылқыны қолға үйрету үрдісі шынымен де тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аймағында пайда болғаны белгілі. Бұған антропологтардың зерттеулері дәлел. Бұл жайт адамзат тарихы үшін макромәдениеттен де маңыздырақ болуы мүмкін. Біз Қазақстанға барған сайын өзіміз үшін бұрын-соңды білмеген жаңалықтарды ашумен боламыз.

Хабар 24 телеарнасы