378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ тілінде сөйлейтін АҚШ тұрғыны еліміздің салт-дәстүрін де жақсы біледі

  • 616
  • UPD: 20:59, 24.01.2019

Хабарымыздың соңында Қазақстанның тарихына ерекше қызығатын америкалық жайлы айтайық.

Стив Росси есімді азамат біздің елдің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ерекше ұнатады екен, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Бірнеше жылдан бері қазақ халқы туралы деректерді іздеп тауып, оқып жүрген айтады.

Стив Росси, Нью-Йорк тұрғыны:

- «Орта жүзге қалам беріп дауға қой, Кiшi жүзге найза берiп жауға қой, Ұлы жүзге таяқ берiп малға қой».

Стив Росси Нью-Йоркте туып-өскен, спортқа құмар. Бокс бапкері болып жұмыс істейтін ол бос уақытында Қазақстан тарихын зерттейді. Ұлы дала еліне қызуғышылығы түсінікті. Жұбайы Дианамен танысқаннан кейін ол терең тарихы, ерекше дәстүрі мен салт-ғұрпы бар жаңа әлемді ашқандай сезімде жүр. 

Стив Росси, Нью-Йорк тұрғыны:

- Менің әйелім – Орта жүзден. Кiтапты мен Орта жүз туралы оқыдым. Әсiресе Абылай хан туралы оқыдым. Ол өте қазақы адам, Қазақстанның тарихы болады. Президент Н.Назарбаев туралы да оқыдым және бiр кино көрдім. Назарбаев өте жақсы Президент Қазақстанға. Және мен онымен кездескім келеді бiр күні.

Қазақстанға барған кезде Стив үнемі қазақ тіліндегі әдебиеттер мен газет-журналдарды сатып алып жүреді. Нью-Йоркке оралғанда, бос уақытында, әдетте жұмысқа барып қайтқанда, метрода оқиды.

Стив Росси, Нью-Йорк тұрғыны:

- Мен қазақтың күйеу баласымын. Менің бiр ұлым бар, 10 жас 5 айда, оның аты Тимур. Мен Нью-Йоркте тудым. Бiрақ Қазақстан мәдениеті жүрегімде тұрады. Қазақ адамдары өте, өте жақсы. Мен Қазақстанда екі рет болдым. Қазақ тамақтары өте дәмді: бесбармақ, палау, қуырдақ, қымыз, шұбат маған ұнайды.

Стив Қазақстан жаңалықтарын мұқият бақылап, еліміздің жетістіктеріне шын жүректен қуанады. Ол болашақта да Қазақстанның қарқынды дами беретініне сенімді.

Стив Росси, Нью-Йорк тұрғыны:

- Қазақстан, алға! Қазақстанның адамдары – бiрiншi адамдар әлемде. Көп-көп рақмет. Сау болыңыздар!

Авторлары: Майра Абдрахманова, Ренат Садыров

Хабар 24 телеарнасы