375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы өскелең ұрпаққа дәріптелді

  • 562
  • UPD: 08:36, 09.02.2019

Таразда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші өтті.

Шараға Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан республикаға танымал ақын, жазушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Поэзия патшасының туған күніне ұйымдастырылған кешке оның ұлы мен келіні арнайы шақыртылып, қонақ болды. Тағылымы мол әдеби-сазды кеште ақынның өлеңдері оқылып, естеліктер айтылды. Оның өзі 45 жасында дүниеден өтсе де, туындылары, артынан қалдырған өшпес бай мұрасы ұлтқа қызмет етуін күні бүгінге дейін тоқтатқан жоқ. «Есіңе мені алғайсың...» деп айдар тағылған шарада дара тұлға шығармашылығының шыңы мен ерекшеліктері сөз болып, өскелең ұрпаққа дәріптелді.

Бақыт Беделханұлы, Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары:

- Осы шаралар көп болған сайын жастар да осыған ұйиды. Мұндай шаралар жер-жерлерде көп болуға тиіс. Және өз топырағынан шыққандарды ғана насихаттау аз. Мысалы, неге Махамбетті Жамбыл топырағы асқақтатпасқа. Абайды. Жамбыл топырағынан шыққан ұлыларды ертең Атырау дүркіретіп жатса, Астана дүркіретіп жатса, солтүстік өңірлер аспандатып жатса, осының бәрі ұлттық бірлік, ынтымақ, ымыраның бір төте жолы.

Хабар 24 телеарнасы