375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мұхамедиұлы Димаш пен Данэлия қатысқан The world's best шоуының құпиясын ашты

  • 503
  • UPD: 18:33, 14.03.2019
А.Мұхамедиұлы Димаш пен Данэлия қатысқан The world's best шоуының құпиясын ашты Казинформ

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Тулешованың америкалық The world's best таланттар шоуындағы өнер көрсетуі жайлы пікірін білдірді.

«Міне, достарым, Димаш Құдайбергеннің «The world's best» таланттар шоуына әрі қарай қатыспайтыны туралы шешімі және Данэлия Төлешованың финалға өтпегені баршаға белгілі болды. Шоу былтыр жазылған болатын. Біз құпиялық туралы қол қойған келісімшарт талаптарын сақтадық. Димаш пен Данэлия басынан бір жарыс тобына түсіп, бір-біріне қарсылас болуға мәжбүр болды, бұл жағдай, әрине, олардың көңілінен шыққан жоқ. Димаш Данэлияға мүмкіндік туғызу үшін өз бетінше қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады - бұл нағыз азаматтың әрекеті», - деп жазады министр Фейсбуктегі парақшасында.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Данэлия мен Димаш жарысқа қатысып, әлемнің ең үздік әншілері ретінде жас таланттар қатарына енуінің өзі керемет жетістік.

«Ал біз үшін олар бірінші нөмірлі - The world's best. Шоу кезіндегі көрермендердің дауыс беруі осының дәлелі. Димаш көрермендерді өнерімен жаулап алды, қазылар оны жеңіске басты үміткер деп есептеді. Twitter бетіндегі конкурстың ресми парақшасында «Сіздер дауыс бердіңіздер және сүйікті әртістеріңіз таңдалды. Құттықтаймыз!» деп хабарланды. Данэлия мен Димашты кезекті кезең - кезекті конкурспен құттықтаймын! Жарайсыңдар, біз сендерді мақтан тұтамыз. Сендердің болашақтарың жарқын болатынына кәміл сенемін. The world's best конкурсының жеңімпазы үндістандық жас пианиношы Лидиан Надвасхарамды да құттықтаймын және өнер жолында табыс тілеймін!», - деді министр.

Еске сала кетсек, әнші Димаш Құдайберген Америкадағы «The World's Best» байқауында мәлімдеме жасап, балаларға жол беру үшін шоудан кететінін айтқан болатын.

Ал Данэлия Төлешова «The World's Best» байқауының ақтық кезеңіне өтпей, шоудың бас жүлдесі үндістандық жас пианиношы Лидиан Надхасварамға бұйырды.

Жуырда Димаш Құдайберген «Аққуым» әніне бейнебаян ұсынған болатын.

Ақпарат көзі: Қазақпарат

Хабар 24 телеарнасы