379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық студенттер ұлттық киімдер көрмесін ұйымдастырды

  • 158
  • UPD: 23:21, 21.03.2019
Қарағандылық студенттер ұлттық киімдер көрмесін ұйымдастырды

Қарағандылық Сән колледжінің студенттері Наурыз мейрамына орай еліміздегі түрлі этностардың ұлттық киімдері көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық бейнелеу өнері музейінде өткен көрмені тамашалауға келген қала тұрғындарына 14 ұлттық костюм ұсынылды. Сонымен қатар музей қорынан алынған қазақ халқының қолөнер бұйымдары көрсетілді. Мұнда 70-ке тарта экспозиция қойылған. Олардың қатарында ХІХ ғасырға жататын зергерлік бұйымдар да бар.

Наталья Дегтярёва, колледж директорының орынбасары:

- Әр студент өз туындысын барынша орындап шықты. Әрқайсысы өзінің шеберлігін шыңдауға тырысты. Негізі  нақышы келіскен киімдерді ойлап табу оңай емес. Студенттер заманауи ұлттық киімдерді жасау кезінде классиканы да ұмыт қалдырмаған.

Хабар 24 телеарнасы