379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде түрлі ұлт өкілдері қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсетті

  • 121
Ақтөбеде түрлі ұлт өкілдері қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсетті

Ақтөбедегі 18 этномәдени бірлестік Наурыз мерекесін тойлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан халықтары кіші ассамблеясы ұйымдастырған фестивальде түрлі ұлт өкілдері қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсетті. Сахнада қазақтың әнін шырқап, биін биледі. Украин ұлтының өкілі Шәмшінің әнін шырқаса, армян қызы қамажай биледі. Орыстың баянымен Құрманғазының күйі орындалды. Бейбітшілік пен достықты ту етіп, бір шаңырақ астында тату тұрып жатқан ұлттар үшін Наурыз мейрамының орны ерекше. Олар бұл күні бір дастархан басына жиналып, бірге тойлайды. Наурыз көже дайындап, бір-біріне ақ тілектерін айтады. Фестиваль аясында әр ұлттың этно-мәдени орталықтары көрме ұйымдастырды. Онда қазақтың ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдары қойылды. Оның ішінде үлпершек, жент сияқты көп дайындала бермейтін тағамдарды насихаттады. Ақтөбе өңіріне әбден сіңісіп, бауыр басып кеткен ұлттар мен ұлыстар қазақтың дәстүрі мен мәдениетін бір кісідей білетіндерін көрсетті.

Полина Совицкая, «Шалом» еврей этно-мәдени бірлестігінің өкілі:

– Наурыз – көктемнің керемет мейрамы. Қар еріп, жер қарайып, көк шығып, жан-жақтың бәрі ерекше бір күйге енеді. Мен бұл күнді жақсы көремін. Себебі адамдар арқа-жарқа бір-бірімен араласып, бір-бірін құттықтап, мәре-сәре болады. Ассамблея өкілдері жыл сайын кең көлемде тойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы