378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бала дауысы» байқауына Ақмола облысынан қатысатын өнерпаз анықталды

  • 116
«Бала дауысы» байқауына Ақмола облысынан қатысатын өнерпаз анықталды

«Бала дауысы» ұлттық балалар байқауына Ақмола облысынан 10 жасар Ерсұлтан Шаймұрат қатысатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көкшетау қаласындағы мектептердің бірінде 4-сынып оқитын балғынның бүгінгі іріктеу кезеңінде бағы жанды. Жалпы бұл сайысқа аймақтан 100-ге жуық бала қатысты. Ал олардың қарым-қабілетін жас әнші Айри мен жобаның музыкалық продюсері Фарида Ниязова байқап көрді. Байқаудың шарты бойынша жобаға 8 бен 12 жас аралығындағы оқушылар ғана қатыса алады. Айта кетейік, әр облыстан іріктелген балалар күзге қарай Алматыда өтетін ақтық сында бақ сынасады. Ал супер финалда жеңген бала яғни Гран-при иегері әйгілі Диснейлендке саяхатқа жолдама алады. Әрі өзі қалаған музыкалық білім ордасында тегін оқу мүмкіндігіне ие болады.

Әйгерім Рақыш, әнші:

– Балалардың бәрі дарынды. Маған қатты ұнады. Сенімділік болса, қобалжу болмайды. Сондықтан менің бірінші кеңесім – еңбектену.

Хабар 24 телеарнасы