383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швейцарияда тұратын қазақ виолончелист туған -жермен байланысты үзбеген

  • 145
  • UPD: 01:55, 22.05.2019

Атағы әлемге жайылған бір қазақ – виолончелист Эльдар Сапараев. Қазақстанда дүниеге келген өнер иесі қазір Швейцарияда тұрады. Бірақ туған жерімен байланысын үзген жоқ. Елге жиі қатынайды. Қазір Ресейде гастрольдік сапарда жүр екен.

Еуропаның өнерсүйер қауымы Эльдар Сапараевты  Қазақ даласының жанартауы деп атайды. Ол әлемдегі ең үздік виолончелисттердің бірі. Швейцария, Хорватия, Италия, Германияда өткен халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Еуропа, Америка, Жапония және Африка концерт залдарында өнерімен талай жұртты таңдай қақтырған. Қазір Эльдар Сапараев Германиядағы Оңтүстік-Батыс филармониялық оркестрінің  концертмейстері, сондай-ақ «Кёльн филармониялық виолончелистері» ансамблінің мүшесі. Концертмейстер мен жеке орындаушы ретінде ол Еуропаның үздік оркестрлерімен бірге өнер көрсетіп жүр. 

Федор Белугин, концерт ұйымдастырушысы:

- Мен Эльдар Сапараевты әлемдегі ең үздік виолончелисттердің бірі деп санаймын. Музыкалық пен техникалық қабілеті таң қалдырады. Оның ерекше жігері мен ой өрісі, камералық музыкаға тез бейімделу қабілеті ойынында сезіледі. Эльдар ойынының әр минуты - зор бақыт. 

Бүкілресейлік сәндік-қолданбалы өнер музейінің Балкон залында өткен камералық концерт «Мұражай түніне» орайластырылған. Шарада Брамс пен Шостакович туындылары орындалды. Бұл соңғы 15 жылда Эльдар Сапараевтың Ресейде берген алғашқы концерті. 

Эльдар Сапараев, виолончелист: 

- Осыдан бір жыл бұрын өз фестивалім мен жас орындаушыларға қолдау көрсету қорын құрдым. Мысалға, керемет ұлы скрипкашымыз Айман Мұсақожаеваны оркестрімен бірге 21-шілдеде өтетін фестивальға шақырдым. Солистер Академиясымен бірге өнер көрсетеді. Мен концерттер ұйымдастырумен де айналысып жүрмін.  

Эльдар Сапараевтың концерті мұнымен аяқталмады. Ол Ресейге сапары аясында Царицынде тағы да өнер көрсететін болды.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы