380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда «Equus: Жылқы тарихы» деректі фильмінің таныстырылымы өтті

  • 160
  • UPD: 23:52, 26.05.2019

Ол Берлин Zoo Palast кинотетарында көрсетілді. Көрермендер трилогияның екінші бөлімін тамашалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрермендер фильмнің алғашқы сәтінен бастап Ұлы далаға сапар шегіп, көшпенділердің жылқыны қай кезде және қалай қолға үйреткенін көріп білді. Таңқаларлық тарихты археологтар, тарихшылар және әртістер бірлесіп қалпына келтірген. Ал жобаны канадалық режиссер қазақстандық продюсер Нұрбол Баймұханмен бірлесіп жүзеге асырды. Шараға Қазақстанда табылған ежелгі жылқылардың сүйектерін зерттеуші Томас Кран да қатысты.

Айта кетейік, бұл туынды әлемнің ондаған елінде көрсетілген. Германиядан кейін фильм Польша көрермендерінің назарына ұсынылады. 

Нұрбол Баймұханов, жоба продюсері:

- Қазір еуропалық көрермендер біздің елдің табиғатына қызығады, тарихын, мәдениетін танығысы келеді. Олар қазақты танығысы келеді, ұлтымыздың құндылықтарын білгісі келеді. Осы фильмді көру арқылы еуропалық саяхатшылардың саны арта түссе деген ойдамыз. 

Томас Кран, ғалым:

- Қазақстан бұл адамзат бесігі, еуропалық өркениет тарихы сіздің аймақпен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Себебі жылқы алғаш рет Қазақстанда қолға үйретілген. Біздің зертханада алған мәліметтеріміз әлемдік тарих үшін құнды. Мен әлі Қазақстанда болған жоқпын. Бірақ міндетті түрде барсам деймін. 

Хабар 24 телеарнасы