382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Nur-Sultan Ethno Fest» фестивалі аяқталды

  • 135
  • UPD: 20:06, 02.06.2019

«Nur-Sultan Ethno Fest» шарасы мәресіне жетті. Елордада бой көтерген этноқалашық бұл күндері халыққа лық толды.

Ұлттық құндылыққа сусаған ағайын спорттық ойындарды тамашалап, жанкүйер болды. Ұлттық бұйымдар жәрмеңкесінен сый-сияпат алды. Этнофестиваль көпшіліктің көңілінен шықты ма?

Елордамызда тұңғыш рет өтіп жатқан «Нұр-Сұлтан Этно Фест» шарасы көптің көңілінен шықты. Олар қалалық әкімдік пен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ортақ жобасын сәтті деп бағалады. Этнофестиваль аты айтып тұрғандай ұлттық құндылықтар мен дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған. Қала тұрғындары мен қонақтары түрлі спорттық сайыстарға қатысып, мауқын басса. Балалар өздеріне арналған алаңқайда алтыбақан теуіп, садақ атты. Шағын киіз үйлерді шашып, қайта жинап көрді.

Осы фестиваль аясында жамбы атудан «Алтын жебе» бірінші әлем чемпионаты өтті. Алты мемлекеттен келген спортшылар өзара мықтыны анықтады. Бұған дейін бұл шара халықаралық деңгейде ұйымдастырылып келген.  Сондай-ақ, ұмытылған дәстүрлерді жаңғырту да фестивальдің басты мақсаты екенін айта кетейін. Осы бағытта халықпен түрлі ойындар, викториналық сауалдамалар өткізілді. Ал бүгін "Нұр-Сұлтан этно фест" өз мәресіне жетті. Спорттық сайыстарда үздік атанғандар марапатталуда. Жалпы айтулы шараға қатысып, ықыласын білдіргендер назардан тыс қалмайды. Барлығына естелік сыйлықтар табысталады. Этноқалашық қазір әдемі ән кешімен әр тапқанын байқаған боларсыздар. Ұйымдастырушылар этнофестивальдің ғұмыры ұзақ боларына сенімді.

Хабар 24 телеарнасы