389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Ержан Максимнің жеке концерті басталды

  • 312
  • UPD: 22:41, 28.06.2019

Ресейдегі «Голос Дети» байқауында жарқ етіп жұлдызы жанған өреннің өнерін тамашалуға біздің түсірілім тобымыз да аттанған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Концерт өтетін «Қазақстан» орталық концерт залынан Талғатбек Әбдіқожа тікелей байланысқа шықты.

Жас таланттың өнерін тамашалауға келіп жатқан халықтың қарасы қалың. Көрерменнің көптігі соншалық, қосымша орындықтар да қойылыпты. Ал билеттер түгел сатылған. ҚР МСМ 300-ге жуық билетті көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін таратты.

Жалпы, мерекелік кеш елорданың 21 жылдығына орайластырылған. Концертте Ержан Максим Ұлықпан Жолдасов, Ренат Гайсин, Сәкен Майғазиев сынды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлерімен бірге дуэтте ән шырқады. Әндердің басым бөлігі Отанға деген сүйіспеншілік, халық әндері мен патриоттық сарында.

Хабар 24 телеарнасы