389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


XV «Еуразия» кинофестивалінде 11 ел ұсынған картиналар көрсетіледі

  • 311
  • UPD: 19:36, 29.06.2019
XV «Еуразия» кинофестивалінде 11 ел ұсынған картиналар көрсетіледі

30 маусымда елордада XV «Еуразия» халықаралық кинофестивалі басталады. Шара Орталық концерт залында өтеді.

Көрсетілім кезінде 11 ел ұсынған 12 кинотуынды көрсетіледі. Шығармашылық жұмыстар негізінен елімізбен қатар, Қытай, Франция, Ресей, Македония, Италия, Филиппин сынды мемлекеттерден ұсынылып отыр. Ал фестивальге қонақ ретінде Еуропа, Азия және Голливуд мамандары шақырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара мәртебесі жыл сайын көтеріліп келеді. Оның аясында шеберлік сабақтар мен шетелдік компаниялармен бірлесіп қолға алынатын кино жобалардың таныстырылымы да ұйымдастырылады. 

Әбіл Жоламанов, ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры:

- Баршаңызға белгілі жылдың басында киномотография туралы заң қабылданды. Ұлттық фильмдерге қолдау көрсетуге мүмкіндік пайда болды. Қазақстандық киноның халықаралық нарыққа шығуы. Осы заңның аясында ұлттық киноны қолдау орталығы құрылды.

Элеонора Граната, «Еуразия» ХКФ бағдарламалық директоры:

- Осы фестивальге кино туындыларды іріктеу қиынға соқты. Нәтижесінде үздіктерін анықтап алдық. Солардың бірі оңтүстіккореялық режиссердің фильмі. Бұл еңбек Канн фестивалінде үздік шыққан болатын. Одан өзге де таңдаулы туындылар бар. Ертеңнен бастап оларды тамашалай аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы