389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Ақтөбеге ат басын тіреді

  • 353
  • UPD: 14:05, 05.07.2019

Әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Ақтөбеде. Әлемнің 20-ға жуық елінен келген өнер сүйер азаматтар қазақтың мәдениеті мен салт-дәртүрлерін зерттеп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сахна саңлағының елордада өткен жеке концертінен соң көрермендер туған жеріне бет алған. Алғаш болып Малайзия елінен келген Әбуханифа отбасы мен америкалық Анна Кау Ақтөбеге ат басын тіреді. Олар Димаш оқыған мектеп-гимназияда болып, оқушы күндерінен естеліктерді тамашалады. Бұл жанкүйерлердің алғашқы тобы. Алдағы күндері Еуропаның 16 елінен қонақтар келеді деп күтіліп отыр. Ақтөбе жеріне аяқ басқан шетелдіктер қазақтың ұлттық өнерімен етене танысуды жөн көрдік дейді. Тіпті тіл үйреніп жүргендері де аз емес.

Анна Кау, Димаш Құдайбергеннің жанкүйері (АҚШ):

- Димаштың әнін естіп, қазақ тіліне тәнті болдым. Мәскеуде өткен концерттен кейін Қазақстанға көшу туралы шешім қабылдадым. Балаларға ағылшын тілін үйретіп, өзім қазақ тілін үйренуді ойлаймын.

Ясмин Әбуханифа, Димаш Құдайбергеннің жанкүйері (Малайзия):

- Қазақстан бізді сұлулығымен таң қалдырды. Ауа райы да өте қолайлы. Жылдың төрт мезгілі де бар. Нұр-Сұлтан іскерлік орталығы екендігі байқалады. Ал, Алматының табиғаты керемет. Ақтөбе ықшам және сұлу қала екен. Біздің Куала-Лумпурға ұқсас.

Хабар 24 телеарнасы