386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көк-Төбені опера жұлдыздары әнге бөледі

  • 121
  • UPD: 23:59, 26.08.2019
Көк-Төбені опера жұлдыздары әнге бөледі

Төртінші мәрте өткен халықаралық классикалық музыка фестиваліне мемлекеттік симфониялық оркестр, дирижер Алан Бөрібаев, еліміздің және шетелдің танымал опера әншілері қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орындалған шығармалардың да шоқтығы биік. Италиялық Иван Дефабианидің өнеріне елтімеген жан жоқ. Табиғат аясында танымал опера жұлдыздарының шынайы дауысымен шырқаған әндерін тыңдауға жиылған жұрт та көп.

Асқар Бөрібаев, фестивальдің көркемдік жетекшісі:

Фестивальге соңғы уақытта жастар көп келетін болды. Бұл қуанарлық жағдай. Бұрын бұл өнерді тек орта жастағылар немесе алдыңғы буын өкілдері ғана бағалайтын. Осындай фестивальдерді жиі өткізіп тұру керек.

Иван Дефабиани, фестиваль қонағы, опера әншісі талия):

- Әлемде опера өнерінің орны ерекше. Операны бір рет жақсы көрсең, ол сен үшін мәңгілік болып қалады. Қазақстанға бірінші рет келуім. Көрермендердің әртістердің өнерін құрметтеп, қолдауы таңғалдырды.

Хабар 24 телеарнасы