386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Koksu Water Fest» фестивалі өтті

  • 112
  • UPD: 10:48, 27.08.2019
Алматы облысында «Koksu Water Fest» фестивалі өтті

Алматы облысында спорттық туризмді дамыту мақсатында үш жылдан бері «Кoksu Water Fest» фестивалі ұйымдастырылып келеді.

Дәстүрлі байқау биыл да өз жалғасын тапты. Жарысқа мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері және өзге де сала мамандары қатысты. Бірнеше топқа бөлінген 100-ден аса адамға алдымен қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Жағалаудағы жаттығудан кейін кейін қайықтар өзенге түсірілді. Сөйтіп,  командалар өз нұсқаушыларымен бірге 15 шақырымды жүзіп өтіп, асау толқынмен кездескен кедергілерді еңсерді. Қиын сәттерде бірлесе қимылдап, мәреге бірінші болып жетуге тырысты. Осылайша күрделілігі жағынан 3-ші санатқа жататын өзенде өзара үздіктерін анықтады.

Бақтияр Көшкінов, жарысқа қатысушы:

- Бірінші рет келіп тұрмын.керемет айтарға сөзім жоқ. Былай қарағанда оңай, ал ішінде жүзіп жүргенде тастар бар, толқындардың секіріп, ең бастысы айқайлап давай бірге деп осындай әсермен жүзіп өттік. 

Мейрамбек Қапасов, облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы:

- Спорттық туризмнен осы фестивальді үлкейтсек, халықаралық деңгейде. Өйткені қырғыз мемлекеті, Моңғолия көршімізден сұраныстар өсуде. Биыл Қазақстанда өтсе келесі жылы  басқа мемлекетте өтеді деген дәстүрге айналдыру көзделген.

Хабар 24 телеарнасы