389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жас таланттарға кастинг жарияланды

  • 434
Нұр-Сұлтанда жас таланттарға кастинг жарияланды t-l.ru

Қазақша, орысша және ағылшынша ән айтатын жас өнер иелеріне байқау жария етілді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Талантты жастардан құрылған жаңа топқа кастинг жариялаймыз. Егер сен 18-25 жас аралығында вокал мен хореографияны жетік меңгерген дарын иесі болсаң, онда міндетті түрде бағыңды сынап көр», – деді отандық танымал әнші Дастан Оразбеков.

Кастингте қойылатын басты талаптар – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ән орындау, сол сияқты хип-хоп стиліндегі хореографияны көрсету. 

Кастинг елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында 2 қыркүйек күні сағат 12:00-де өтеді.

Тіркелу үшін Kasting.qazaqconcert@bk.ru электронды поштасына өтінім жіберу керек. Сонымен қатар www.qazaqconcert.kz сайты арқылы тіркелуге болады.

Хабар 24 телеарнасы