389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда 500 орынға арналған қазақ театры салынуда

  • 197
  • UPD: 13:25, 07.09.2019
Петропавлда 500 орынға арналған қазақ театры салынуда

Петропавл қаласында 500 орынға арналған қазақ театры салынып жатыр.

Сонымен қатар биыл 20 мәдени нысан күрделі жөндеуден өтеді. Оның дені елді мекендерде орналасқан. Бұл туралы облыстық активтің отырысында хабарланды. Жиын барысында Президент жолдауындағы тапсырмалар талқыланып, мәдениет саласына қатысты айтылған тұсына жете мән берілді. Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысы халыққа жолдауында мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы сын көтермейтінін айтып, осы салада жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті көңіл бөлінбеу әбестік деп бағалаған. Президент білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де тиесіл болуы керек деген еді.

Хабар 24 телеарнасы