386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтар үйден шықпай-ақ музейге бара алады

  • 106
Қостанайлықтар үйден шықпай-ақ музейге бара алады

Қостанайлықтардың көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің мұражайымен ғаламтор арқылы 3Д форматта танысу мүмкіндігі бар.

Музей сайтында виртуалды экскурсия ашылды. Онда екі қабатты мұражайдың залдары 3Д панорама арқылы орналастырылған. Кез келген адам қашықтықтан саяхат жасап, жәдігерлерді көре алады. Ыбырай Алтынсаринің мемориалдық музейіне жылына шамамен 30 мыңдай адам келеді екен. Ал экскурсия жасауды ойластырып жүргендер қатары әлдеқайда көп. Олардың басым бөлігі ауылды жерлерде тұратындықтан, енді жаңа жүйе таптырмас мүмкіндік болмақ, дейді музей қызметкерлері.

Марғұлан Оспанов, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық музейдің басшысы:

– Музей қорында 12 мыңнан астам жәдігер болса, соның негізгі, құнды жәдігерлерге арнайы тоқталып, 360 градусқа айналып түсірілген. Барлық экспонаттарды жан-жағынан көріп, ол туралы арнайы қазақ, орыс, ағылшын тілінде дыбысталу арқылы ақпаратын ала алады.

Хабар 24 телеарнасы