387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Astana Media Week-ке 2 мыңнан астам делегат келген

  • 119
  • UPD: 14:35, 11.09.2019

Astana Media Week осы күзде Орталық Азиядағы ең ауқымды іс-шара болмақ.

Дәстүрлі іс-шараға 2000-ға тарта делегат келген.

Astana MediaWeek шарасына жиналған қауымның қарасы қалың. Халықаралық және «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев сынды отандық спикерлер сериал өндірісі жайлы тұщымды ақпарат беріп жатыр. Қазір «Хабар», «Ел арна» телеарналарында қазақстандық режиссерлердің сәтті туындылары көрермен назарына ұсынылуда. Әрі сұранысқа ие.

Естеріңізге салайын, Astana Media Week-ке «Қазмедия орталығы» мұрындық болған. Мұндағы бар мүмкіндіктер осы іс-шарада қолданылуда. Соның бірі – «Коворкинг» залы. Мұнда бағдарламаның интерактивтік бөлімі ұйымдастырылып жатыр. Ертең «Хабар» агенттігінің жаңа маусымдағы тұсаукесері өтеді. Жаңашылдықтар көп екенін айта кетейін. Ал Astana Media Week 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Арнамыз қосулы болсын.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы