389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Ұлы даланың дана арулары» атты фестиваль өтті

  • 178
  • UPD: 10:35, 17.09.2019

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды ауылында «Ұлы даланың дана арулары» атты халықаралық фестиваль өтті.

Шара аясында «Анаға құрмет» музейінде мерекелік көрме ұйымдастырылды. Мұнда қойылған жәдігерлердің барлығы - қыз-келіншектер мен әйелдердің тұрмыста пайдаланған заттар. Орта ғасырдан сыр шертетін қолөнер шеберлерінің бұйымдары, Тұран әлемінің ұлттық нақыштағы киім үлгілері көрсетілді. Арулардың келбетін бейнелеген суретшілердің туындылары да қонақтардың назарын аударды. Фестивальге қатысушылар Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театры дайындаған «Қоянкөз» қойылымын тамашалады.

Бақыт Шпекбаева, Абылайхан атындағы  Қазақ қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры:

- Ананы сыйласа, өзінің тарихын сыйласа,  өзінің  мәдениетін сыйласа, соны  жақсы білсе екен деген  біздің негізгі ойымыз. Өйткені біздің мәдениетіміз, тарихымыз ол  өзіміздің халқымыздың, қазақ  халқының коды ғой.

Хабар 24 телеарнасы