388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық хореографияның жетістігі мол

  • 228
  • UPD: 16:55, 18.09.2019

Былтыр Қазақ ұлттық хореография академиясының бишілері әлемдік байқауларда 16 жоғары марапатқа қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас балетмейстерлер 14 халықаралық сайысқа қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Олардың қатарында германиялық «TANZOLYMP», Италия мен Латвиядағы дәстүрлі конкурстар және латын америкалық билер бойынша Қытайда өткен байқау бар. Өз шәкірттерінің жетістігі туралы Академия ректоры Алтынай Асылмұратова айтып берді. Есеп беру жиынында Жоғарғы оқу орнында жасалған жайлы жағдай жөнінде де сөз болды. Бүгінгі таңда онда 525 жас әртіс білім алып жатыр. Соңғы 3 жыл ішінде академия әлемдік өнер университеттерімен жан-жақты байланыс орнатып үлгерген.

Алтынай Асылмұратова, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры:

- Біз ТМД мен Батыс елдеріндегі жоғары оқу орындарымен бірлесе, академиялық тұтастық бойынша келісімдерге қол қойдық. Өзара студенттер алмасу тәжірибесін де енгіздік. Шет мемлекеттерден білікті мамандарды шақырып, шеберлік сыныптарын өткіземіз. Тұңғыш рет біздің маман Жапонияның Киото қаласына барып, тәжірибе алмастық. Бұл дәстүрді осы жылы да жалғастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы