389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада «Қорқыт және ұлы дала сазы» музыкалық өнер фестивалі басталды

  • 342
  • UPD: 08:38, 22.09.2019
Қызылордада «Қорқыт және ұлы дала сазы» музыкалық өнер фестивалі басталды

Қызылордада «Қорқыт және ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық музыкалық өнер фестивалі бастау алды.

Облыс әкімдігі мен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бірлескен жобасы бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Өнер фестиваліне Иран, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен және ел аумағынан 150-ге жуық түркітанушы ғалым мен өнерпаз жиналды. Қорқыт ата мұралары Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгізілді. Бұл – тек Сыр елінің ғана емес, барша түркі жұртының ортақ қуанышы. Ұлы ойшыл, абыздың құрметіне арналған үшкүндік шара аясында танымдық конференция, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі және «Тұран түркі есігі – Қорқыт жырдың бесігі» атты концерт өткізіледі. Жалпы қазіргі уақытта Қорқыттың күйлері Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жоғарғы оқу орындарында кәсіби мамандар арқылы шәкірттерге үйретіліп, әлем сахналарында орындалып жүр. Ал Сыр өңірінің 7 ауданында қобыз үйірмелері ашылды. Өткен жылы аймақта алғаш рет республикалық қобызшылар мен жыршы-жыраулардың байқауы ұйымдастырылған болатын.

Юлияна Кривошапкина, шаңқобызшы /Саха, Якутия/

– Мен үшін тарихи сәт болып тұр. Өйткені Тұран даласының төріне келіп, ықылымнан сыр шерткен дәстүрімізді жаңғырта отырып, туыс халықтардың бірлігін арттыра түстік деп ойлаймын. Сіздерде шаңқобыз деп аталатын хомус аспабыммен жаһанды тұлпар тұяғымен дүбірлеткен бағзы түркілердің рухын тірілткендей болдым.

Данияр Жақиянов, «Тиграхауд» этно-рок тобының жетекшісі /Талдықорған/

– Қыл-қобыз, қазақтың домбырасы, шертеті, көмеймен ән айту соған заманауи гитара, бас гитара, ұрмалы аспаптарды қосып жасалған топпыз.

Ләззат Сегізбаева, қобызшы:

– Ескі көне дәстүрлі аспаптарды жастарға дәріптеу, оларға патриоттық сезім ояту деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы