389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Central Asia's Got Talent шоуында 80 жастағы қария қазылар алқасын қайран қалдырды

  • 419
  • UPD: 11:37, 23.09.2019

Central Asia's Got Talent 2019 байқауы талант жас талғамайтынын тағы бір дәлелдеді.

Шоудың өткен шығарылымында 80 жастағы қария өзінің шәкірттерімен бірге ұрмалы аспапта ойнап, қазылар алқасын қайран қалдырды.

Тіпті олар сахна төріне шыққан кішігірім ансамбльдің өнеріне сүйсінгені соншалық, композиция аяқталғаннан-ақ кідірместен алтын батырманы басты.

Айта кетейік, алтын батырма қатысушыға бірден жартылай финалға өтуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін, байқауда Қазақстанның атынан қатысқан «Хассақ» этно-фольклорлы ансамблі дәл осылай жартылай финалға жолдама алған еді.

Ал классикалық музыканың «маком» жанрында ән шырқаған 12 жасар Фирдафсий Мухамаддалиевтің әрекеті қазылар алқасының жүрегін тебіренткен болатын. 

Хабар 24 телеарнасы