388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана Опера» театры музыка күніне симфониялық концерт ұйымдастырды

  • 193
  • UPD: 07:47, 02.10.2019
«Астана Опера» театры музыка күніне симфониялық концерт ұйымдастырды

Халықаралық музыка күнінде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры симфониялық концерт ұйымдастырды.

Мерекелік шараның бағдарламасына сай, бұл кеште әйгілі композитор Антонио Вивальдидің туындылары орындалды. Қауымға жақсы таныс «Жыл мезгілдерінің» барлық көлігі келушілерге ұсынылды. Сондай-ақ елімізде алғаш рет камералық оркестр Персейдің Ариясын ойнады. 

Абзал Мұхитдинов, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының дирижері:

- Бұл өте сирек орындалатын туынды. Ал үзіліс кезінде келушілерге кофе ұсынамыз. Бұл бізде дәстүрге айналып кетті. Көрерменге жағдай жасау  үшін осындай қадамға барамыз.

Хабар 24 телеарнасы