386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Анкарада «Алтын адам» көрмесі аяқталды

  • 231
  • UPD: 15:33, 14.10.2019

Анкарада «Алтын адам әлем музейлеріне шеруі» атты көшпелі көрмесі аяқталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан мәдени мазмұнды шара Анкара қаласының Түркия астанасы болуының 96 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Сондықтан шараның жабылу салтанатына шахар губернаторы мен мэрі қатысып, ұйымдастырушыларға өңір халқы атынан алғыс білдірді. Анадолы төрінде шымылдық түрген көрмені бір айдың ішінде 50 мыңнан астам кісі тамашалапты. Түркияның ең ірі екінші мұражайында бой көтерген көшпелі көрмеге Ұлттық музей қорынан 200-дан аса туынды қойылған. Ауқымды шара аясында ғылыми, мәдени конференциялар ұйымдастырылды. Мамандардың пікірінше, көрменің өткізілуі қаланың мәдени өміріне ерекше серпіліс беруімен қатар, түп-тамырларына жаңаша көзқараспен қарауға жол ашты. 

Мансул Яваш, Анкара қаласының мэрі: 

-  Анкаралықтар бұл көрмені асыға күтті. Шахар тұрғындары мен қонақтары күллі түркі жұртының тарихи жәдігерлерін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Мен үшін терең тарихымызға үңілу өте маңызды. «Алтын адам» бірінші рет астанамызға келді. Алдағы уақытта бұл текті шараларды елімізбен қатар, халықаралық деңгейде де ұйымдастыруға атсалысамыз. 

Ибрахим Атабей, түрколог-ғалым:

- Алтын адамды бұған дейін тек қана кітаптарда оқып, сүреттерін ғана көретінбіз. Бүгін міне көрменің арқасында оны тамашалауға мүмкіндік туды. Экспонаттарды қарап отырып, бабаларымыздың көшпенді өміріне қарамастан өнер саласын да мықты дамытқанына куә болып отырмыз. Сондай-ақ тұрмысты жеңілдететін заттары да таңқалдырмай қоймайды.

Хабар 24 телеарнасы