384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Райымқұлова: Ержан әлем халықтарының қазақ мәдениетін тануға құштарлығын оятты

  • 117
  • UPD: 14:26, 25.11.2019
А.Райымқұлова: Ержан әлем халықтарының қазақ мәдениетін тануға құштарлығын оятты

ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова балалар Евровидениесінде 2-орын алған жас әнші Ержан Максимді құттықтады.

«Құрметті Ержан! Сізді Junior Eurovision-2019 байқауында жүлделі екінші орын алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision халықаралық ән байқауындағы жарқын өнеріңізбен кезекті рет асқақ арманға деген құлшынысы зор дарынды, еңбекқор әнші екеніңізді паш еттіңіз. Расында, сіздің орындауыңыздағы әсем ән әлем халықтарының қазақ мәдениетімен таныса түсуге деген құштарлығын оятқаны сөзсіз. Алдағы уақытта да жаһандық байқауларда сәтті өнер көрсетіп, жарқын жетістіктеріңізбен ел мерейін үстем ете беріңіз. Осынау сәтті пайдалана отырып, сізге зор денсаулық, толайым шығармашылық табыс тілеймін!», – делінген министрдің құттықтауында.

Еске сала кетсек, Польшада өткен Junior Eurovision-2019 ән байқауында қазақстандық Ержан Максим екінші орын иеленді.

Сайысқа қазылық еткен әр елдің кәсіби мамандары Ержан Максимнің өнерін жоғары бағалап, жеңімпаз атануға лайық деп тапқан. Алайда екінші кезеңде, яғни көрермендердің берген даусы бойынша ұпай саны жеткіліксіз болды. 

Бұған дейін жас әншіні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағанын жазған едік.

Хабар 24 телеарнасы