384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық музейде «Елбасы және мәдениет» көрмесі ашылды

  • 200
Ұлттық музейде «Елбасы және мәдениет» көрмесі ашылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ұлттық музейде «Елбасы және мәдениет» деген тақырыппен көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Елбасы кітапханасы мұрағатынан 200-ден аса құжат қойылды. Материалдар жинағы еліміздің сәулет, кино өнері, қолданбалы және бейнелеу өнері, театр мен тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау салаларын қамтиды. Көрме келесі жылдың қаңтар айына дейін жалғасады. Кіру тегін. Мәдени шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениетті қайта жандандырудағы еңбегін насихаттауды көздейді.

Күлайша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

– Әрбір құжатқа көңіл бөлетін болсақ, 1991 жылдан бастап Тұңғыш Президентіміз мәдениетімізді жаңғырту мәселесін көтерудегі еңбегін жан-жақты көрсетіп отырмыз. Осы көрмеге орналастырылған материал біздің мемлекеттік саясатымыздың әр кезеңін толығымен көрсетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы