384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайбергеннің Германия мен Чехияда жеке концерті өтеді

  • 133
  • UPD: 14:33, 02.12.2019

Димаш Құдайбергеннің Германия мен Чехияда өтетін концертіне билеттер сатыла бастады, деп жазды әншінің өзі Instagram парақшасында.

Димаш Arnau турының концерттік бағдарламасының видеосын жариялады. Әнші 19 наурызда Гамбургте, 21 наурызда Дюссельдорфта, 25 наурызда Прагада және 28 наурызда Штутгартта өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, ол тыңдармандарын Чехия астанасында өтетін жеке концертіне шақырды.

«Қымбатты достар, 25 наурызда Прагадағы Tipsport-Arena стадионында жеке концертім өтеді. Келіңіздер, сіздерді көңілді кеш күтеді»,- деді әнші.

Айта кетсек, 10 желтоқсанда Нью-Йоркте қазақстандық әнші Arnau tour Envoy атты жеке концертін беретін болады.

Еске сала кетсек, 29 қарашада Санкт-Петербургте Димаштың концерті өткен болатын. Жас әншінің өнерін тамашалауға 12 мыңнан аса адам жиналды

Хабар 24 телеарнасы