430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық балерина ТМД сыйлығының лауреаты атанды

  • 574
  • UPD: 11:03, 09.12.2019
Қазақстандық балерина ТМД сыйлығының лауреаты атанды

Қазақстандық балерина, «Астана Опера» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева ТМД-ның «Дебюттер достастығы» жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Марапаттау рәсімі бүгін, 9 желтоқсан күні Беларусьтегі Брест академиялық драма театрында өтеді, деп хабарлады «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

Сыйлыққа Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстаннан 26 номинант ұсынылды. Шығармашылық жетістіктері өнердің әр саласын дамыту мен дәріптеуде елеулі үлес болған ТМД елдерінің сегіз мәдениет қайраткері халықаралық қазылардың шешімімен сыйлықтың лауреаты атанды.

Сыйлық ТМД-да Мәдениет жылы деп жарияланған 2018 жылдың қорытындысы бойынша берілді.

Хабар 24 телеарнасы