376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай өмірі туралы фильм түсіріледі

  • 225
  • UPD: 21:04, 09.01.2020

Хакім Абайдың өлеңдері тағы бірқатар тілге аударылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сосын мерейтой аясында жиын саны 500-ге жуық шара ұйымдастырылмақ. Оның біразы шетелде өткізіледі. Міне, осындай бастамалар арқылы ұлы ақынның оқырмандарын еселеп, танымалдылығын арттырамыз. Бұл – Мәжіліс депутаты Михаил Чирковтың пікірі. Ол данышпан ақынды насихаттауға мемлекеттік деңгейде үлкен көңіл бөлініп жатыр. Бүгінгі Президенттің мақаласы соның айғағы, дейді. 

Михаил Чирков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Балаларға арналған мультфильмдер мен ересектерге арналған деректі фильмдер дайындалып жатыр. Мұның барлығы Абайды терең тануға мүмкіндік бермек. Жалпы бұл бағытқа ерекше бастама беріліп жатқаны қуантады. Өйткені осы арқылы жастарға дұрыс тәрбие беріп, қоғамдағы кейбір мәселелерді ретеуге мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы