378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абайдың мерейтойына арналған іс-шараларға 3 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалады

  • 126
  • UPD: 18:00, 16.01.2020
Абайдың мерейтойына арналған іс-шараларға 3 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалады sn.kz

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының ресми салтанатты ашылу рәсімі 21 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Абайдың мерейтойына арналған іс-шараларға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан 3 млдр жуық қаржы жұмсалады. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Мерейтой аясында Абай шығармаларының жинағы 10 шет тіліне аударылады.

«Абайдың шығармалар жинағы француз, ағылшын, орыс, араб, испан және қытай, түрік, жапон, неміс, италиян тілдеріне аударылады. 3 мың дана таралыммен әлемнің түкпір-түкпіріне таратылады. Бұл жұмыспен Ұлттық аударма бюросы айналысып жатыр», - деді Н.Дәуешов.

Сонымен қатар Абайдың өмірі мен шығармашылығы, мұрасы туралы үш деректі-қойылымдық фильм түсіру жоспарланған.

«Бүгінгі таңда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Абайға арналған деректі қысқа метражды фильм түсіру бойынша режиссерлер тарапынан қабылдаулар жүргізіп жатыр. Биыл үш деректі фильм шығару жоспарланып отыр», - деді.

Айта кетсек, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен 2019 жылғы 26 сәуірде өткен кеңестің хаттамасына сәйкес 2020 жылы ұлы ақын, композитор және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу жөнінде тапсырма берілді.

Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы тұрады?

Әлем ұлықтаған Абай: қай елдерде ұлы ақынға арналған ескерткіштер мен көшелер бар

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы