423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Тақтар ойынындағы» оқиғалардың тарихы баяндалатын сериал қашан шығады

  • 613
  • UPD: 12:32, 17.01.2020
«Тақтар ойынындағы» оқиғалардың тарихы баяндалатын сериал қашан шығады

«Тақтар ойыны» сериалындағы оқиғалардың 300 жыл бұрынғы тарихы баяндалатын жаңа сериал түсіріледі, деп хабарлады debat.me.

HBO арнасының бағдарламалар директоры Кейси Блойс «Айдаһар үйі» деп аталатын «Тақтар ойынының» алдыңғы тарихы туралы сериал 2022 жылы шығатынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта сценарийі жазылып жатыр.

Сериал он сериядан тұрады. Онда «Тақтар ойынындағы» оқиғаларға дейінгі 300 жылда не болғаны баяндалады. Атап айтқанда Таргариендер үйінде болған оқиғалар түсіріледі.

Хабар 24 телеарнасы