411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиялық әнші Абайдың «Көзімнің қарасы» әніне бейнебаян түсірді

  • 237
  • UPD: 08:57, 29.03.2020

Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» әні жаңа форматта шырқалды. Түркиялық әнші Айбен Ерсой Ыстамбұлда арнайы бейнебаян түсірді.

Оның айтуынша, «Көзімнің қарасы» – әр адамның, әр ұлт өкілінің жүрегінен орын алатын шоқтығы биік туынды. Айбен Ерсой Абайдың осы әнін қазақ елінде бір шырқауды армандайтынын айтады. Алайда жаһанды дүрліктірген індетке байланысты бұл ойы кейінге қалып тұр.

Айбен Ерсой, түркиялық әнші:

– Бейнебаянымды Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай түсірдік. Көңіліңізден шығады деген үміттемін. Жариялаған күннен бастап тыңдаған жұрт маған ізгі ниеттерін жеткізіп отыр. Бұл да менің шығармашылық өміріме оң әсер еткендей. Бұл кезеңде үйден шықпасақ та, көптеген жұмысты атқаруға болатынына көзім жетті. Себебі ақпарат заманында әлем көз алдыңда. Кіші туындымыз сіздің де көңіліңізді көтереді деген ниеттемін. Бұл кезең өтеді. Жаңа кезеңде мықты Айбен, мықты Динара, мықты Руслан, мықты Шынар болып алдыңызға шыға келеміз. Түркиядан шын жүректен дұғай-дұғай сәлем жолдаймын.

Хабар 24 телеарнасы